From Wikipedia, the free encyclopedia
Нуклеин қышқылы тізбегі — (Nucleic acid sequence[1] "Нуклеин қышқылының әуелгі құырылымы" деп те аталады) бірқатар әріптермен таңбаланатын, генетикалық ақпарды өз бойына сақтаған ДНҚ, немесе РНҚ молекуласының әуелгі (бірінші дәрежелі) құрылымы.
Нуклеин қышқылы тізбегі әдетте негізгі төрт әріппен өрнектеледі. Олар A, C, G және T. Әрбір әріп мәлім базаны (Base), ал екі база база жұбын (Base pair) құрайды. Ал, база жұбының орналасу тәртібі тұрақты болып келеді. Олар A, T,C, G. Үш өзара көрші база жұбы бір кодонды (құпия цифрды) құрайды. Әрбір кодонға бір амин қышқылы тура келеді және ұқсамаған амин қышқылының қосылуы ұқсамаған ақуызды (протеин) құрайды. ДНҚ-ның қайта түзілуі мен ақуыздың қалыптасуы барысында негіздердің өзара қатарласу тәртібі (заңы) шешуші рөл ойнайды.
Нуклеин қышқылы тізбегін таңбалайтын төрт әріп A, C, G және T болып, олар ДНҚ -дің төрт нуклеин қышқылы есептеледі:[2]
Олар қалыпты жағдайда еш саңлаусыз өзара біріккен күйде тізбек құрайды. Мысалы: AAAGTCTGAC дегендей. Төртеуден жоғары нуклеин қышқылы тізбегін бір тізбек деп атаймыз. Олардың биологиялық функциясы оның тізбегіне байланысты. Әрине, тізбек оң жағынан да, теріс жағынан да келуі мүмкін, кодты болуы, кодсыз болуы мүмкін. DNA тізбегі "ДНҚ қоқысын" ("junk DNA") да қамтуы мүмкін..[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.